» Материалы за Февраль 2018 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қамқоршылық кеңес жұмысының есебі

Автор: admin от 13-02-2018, 21:24, посмотрело: 2256

0

Жетісу орта мектебі

Қамқоршылық Кеңесінің 2017-2018 оқу жылындағы

I жарты жылдықтағы атқарған жұмысының есебі

Жетісу орта мектебінде №81 28.08.2017 жылдың бұйрығына сәйкес Қамқоршылық кеңесі құрылды. Оның құрамына мектептің ата-аналарынан 7 ата–ана кірді.

Кеңестің төрайымы болып, Тукебаев Бакыт Суйнбаевич- жеке кәсіпкер сайланды.

1. Тукебаев Бакыт Суйнбаевич -қамқоршылық кенесінің төрайымы, жеке кәсіпкер

2. Әукен Теңлік- қамқоршылық кенесінің мүшесі, Жетісу ауылы мешітінің бас имамы

3.Тукибаева Гульмира Саркытбаевна - қамқоршылық кенесінің мүшесі, «Балдырған» бала бақшасының шаруашылық меңгерушісі;

4. Бейсекенова Айша Исатаевна – қамқоршылық кенесінің мүшесі, аудандық аурухана тіркеу бөлімінің қызметкері ;

5. Толкынбекова Жазира Танербергеновна - қамқоршылық кенесінің мүшесі, үй шаруасында;

6.Байбекова Гульмира - қамқоршылық кенесінің мүшесі,үй шаруасында;

7.Ғалымжан Гульнар- қамқоршылық кенесінің мүшесі, жеке кәсіпкер.

Қамқоршылық кеңесінің мақсаты: Оқушылардың тәрбие және білім алу сапасын арттыру мақсатында оқу – тәрбие үрдісін ынталандыру, бюджеттен тыс тартылған қаржыны мақсат бойынша жұмсау, мектептің материалдық – техникалық базасын, аумағы мен ғимаратын абаттандыруды жетілдіруге жәрдемдесу, заңды көмек көрсету.

Қамқоршылық кеңестің отырысы тоқсанына 1 рет немесе қажеттілікке сәйкес өткізіліп тұрады. Егер шұғыл мәселелер туындаса, Кеңес жоспардан тыс отырыс жасайды. Өткізілген іс-шаралар хаттамада тіркеліп отырады. Мектеп әкімшілігі әрдайым қамқоршылық кеңестің отырыстарына қатысады.
 «Менің таңдауым балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Мектепке жол» акциясы барысында қамқоршылық кеңесінің көмегімен 90 оқушыға көмек көрсетілді. Акция барысында бюджеттен тыс 85 000 теңге жиналды. Ол қаражат жағдайы төмен отбасы оқушыларына мектеп формасына және оқушыға мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етілді.

Мектебіміздегі «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша білім беру үдерісіне енген жаңартылған бағдарлама туралы қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен мектеп басшысы Б.Б.Жапабаев, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Шаймардан таныстырып, оқушының құзыреттілігін арттыру үшін білім сапасын күшейтуіміз керек екендігі туралы кезекті қамқоршылық кенесінің отырысында баяндама оқып, түсіндірді. Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам бастысоның дәлелі биылғы оқу жылында 2, 5, 7-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшті. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері жаңартылған білім мазмұнына көшу туралы бағдарламаны қолдады.

 

2017жылы 13 желтоқсан күні мектебімізде «Рухани жаңғыру» аясында «Менің мектебім-өзіңнен баста!» қайырымдылық акциясы өткізілді. Қайырымдылық акциясына байырғы мектеп түлектері, ауыл азаматтары, жеке кәсіпкерлер демеушілік көрсетті. Акция аясында 170000 теңге қаражат жиналды. «Жасыл шырша-2018» мерекесін ұйымдастыру барысында 105000теңге жұмсалды, оның балаларға 40000теңгеге-23кг.конфет алынды, 35000 теңге балаларға арналған сыйлықтарға жұмсалды және 30000 теңгеге кейіпкерлердің костюмдері алынды. 30000 теңге мектептің материалдық-техникалық базасына жұмсалды, 25000теңге волейболдық доптар алынды. 4 сыныптағы жағдайы төмен отбасының оқушысы Абдош Ұланға 10000теңгеге киім және сыйлық алынды.

Жетісу орта мектебінің қамқоршылар Кеңесінің жұмысы мектебіміздің көптеген мәселелерін шешуге үлкен қолдау көрсетіп отырады.

 

 

Қамқоршылық кеңес жұмысының есебі

Қамқоршылық кеңес жұмысының есебі

 


 

 


 

Категория: Қамқоршылық кеңесі

 

Қамқоршылық кеңесі

Автор: admin от 13-02-2018, 21:18, посмотрело: 74

0

Жетісу орта мектебі

Қамқоршылық Кеңесінің атқарған жұмысы туралы

Жетісу орта мектебінде №81 28.08.2017 жылдың бұйрығына сәйкес Қамқоршылық Кеңесі құрылды. Оның құрамына мектептің ата-аналарынан 7 ата–ана кірді. Кеңестің төрайымы болып, Тукебаев Бакыт Суйнбаевич- жеке кәсіпкер сайланды.

Қамқоршылық Кеңестің отырысы тоқсанына 1 рет өткізіліп тұрады. Олар келесі мәселелерді шешеді: әлеуметтік қорғалмаған отбасыларына көмек көрсету,сауықтандыру, танымдық, мәдени іс-шаралар өткізу. Өткізілген іс-шаралар хаттамада тіркеліп отырады. Егер шұғыл мәселелер туындаса, Кеңес жоспардан тыс отырыс жасайды. Мектеп әкімшілігі әрдайым Қамқоршылық кеңестің отырыстарына қатысады.

Қамқоршылар Кеңесінің «Менің таңдауым балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Мектепке жол» акциясы барысында 90 оқушыға көмек көрсетілді. онда қаражат 85 000 теңге жиналды. Ол ақша жағдайы төмен отбасы оқушыларына мектеп формасына және оқушыға мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Қамқоршылар Кеңесінің жұмысы мектеп өмірінің көптеген мәселелерін шешуге, ең бастысы, баланың мүддесі үшін үлкен қолдау болды.

 





 

Категория: Қамқоршылық кеңесі