2023-2024 оқу жылына арналған Білім күні мерекесіне «Мектебім-мейірім мекені!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. » «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Жетісу орта мектебі Екпінді, Жеңдік бастауыш мектептерімен» Education Department of Kerbulak district
"Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің
«Жетісу орта мектебі Екпінді,Жеңдік бастауыш мектептерімен»
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72836) 25-2-50
bookkeeping:
+7(72836)25-2-89
Version for
visually impaired
» » 2023-2024 оқу жылына арналған Білім күні мерекесіне «Мектебім-мейірім мекені!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
01
September
2023

2023-2024 оқу жылына арналған Білім күні мерекесіне «Мектебім-мейірім мекені!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.



2023 жылы 1 қыркүйек күні Жетісу орта мектебінде 2023-2024 оқу жылына арналған Білім күні мерекесіне «Мектебім-мейірім мекені!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
Мереке күні әсем безендіріліп, көптен күткен оқушыларына есігін айқара ашқан мектеп ауласында қолдарына гүл шоқтарын ұстаған оқушылар өздерінің сүйікті ұстаздарымен, сынып жетекшілерімен, достарымен қауышып мәре-сәре болысты. Биылғы жылғы Білім күнінде 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқушылар талап бойынша өздеріне жарасымды біркелкі мектеп формасын киіп мерекенің сәнін келтіре білді. Салтанатты жиынды мектебіміздің үздік оқушылары Құйғанбек Думан мен Сатан Азима жүргізді. Салтанатты жиынды мектеп директоры Жапабаев Бағлан Балғынбайұлы құтықтау сөзімен ашты. Сондай-ақ
мерекелік жиында Төлеңгіт ауылдық округінің әкімдігінің бас маманы Шолан Армангүл, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Түкебаев Бақыт Сүйінбайұлы ұстаздар қауымын және мектеп оқушыларын құттықтап, жаңа оқу жылына толағай табыстар тіледі. Шара барысында мемлекеттік гимн орындалып, рәміздерді салтанатты түрде алып шығу өзін-өзі басқару ұйымының белсенділеріне бұйырды. 1 сынып білім алушылары өздерінің өлең шумақтарын айтса, Бауржанқызы Айдана «Мектебім» әнің тарту етті. «Сыңғырла қоңырау» әнімен Байболат Еркежан салтанатты жиында әсем ән салды.
Аса бір толғанар сәт алғашқы қоңырау соғу құрметі 1- сынып оқушылары Қажымұрат Сұлтан, Қырықбаева Ақерке және 11 сынып оқушысы Серік Қуаныш пен Оразымбек Маржанға берілді. Оқушылар Алғашқы қоңырау үнін естіп, жақсы көңіл күйде болды!