Алғыс айту күні » «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Жетісу орта мектебі Екпінді, Жеңдік бастауыш мектептерімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің
«Жетісу орта мектебі Екпінді,Жеңдік бастауыш мектептерімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 25-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72836)25-2-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2023

Алғыс айту күні

1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен  келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын – қыстау заманда олардың басына түскен ауырпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.


Алғыс айту күніне арналған оқушылардың құттықтау видеороликтерін инстаграм парақшасынан көре аласыздар.

https://www.instagram.com/reel/CpLAsjODHiD/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://www.instagram.com/reel/CpK-8MNjVxP/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/reel/CpK-zjgDeKK/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://www.instagram.com/reel/CpK-lOJDCEI/?igshid=YmMyMTA2M2Y=