2022 жылы 1 қыркүйек күні Жетісу орта мектебінде 2022-2023 оқу жылына арналған Білім күні мерекесіне «Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және отаншылдық!» » «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Жетісу орта мектебі Екпінді, Жеңдік бастауыш мектептерімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің
«Екпінді бастауыш мектебі бар Жетісу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 25-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72836)25-2-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022 жылы 1 қыркүйек күні Жетісу орта мектебінде 2022-2023 оқу жылына арналған Білім күні мерекесіне «Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және отаншылдық!»
01
сентябрь
2022

2022 жылы 1 қыркүйек күні Жетісу орта мектебінде 2022-2023 оқу жылына арналған Білім күні мерекесіне «Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және отаншылдық!»

Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырға­сынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақыратын ерекше күндердің бірі.

   2022 жылы 1 қыркүйек күні Жетісу орта мектебінде  2022-2023 оқу жылына арналған  Білім  күні  мерекесіне «Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және  отаншылдық!» тақырыбында  салтанатты жиын  өткізілді. Мереке күні әсем безендіріліп, көптен күткен оқушыларына есігін айқара ашқан мектеп ауласында қолдарына гүл шоқтарын ұстаған оқушылар өздерінің сүйікті ұстаздарымен, сынып жетекшілерімен, достарымен қауышып мәре-сәре болысты. Биылғы жылғы Білім күнінде 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқушылар талап бойынша өздеріне жарасымды біркелкі мектеп формасын киіп мерекенің сәнін келтіре білді.Салтанатты жиынды мектебіміздің жас мамандары Ибраимов Қуат пен Мусаева Айгерім жүргізді. «Мектебім» әнімен Дәуенұлы Серуен мен Байболат Еркежан салтанатты жиында әсем ән салды.  

        Жаңа 2022-2023 оқу жылының «Білім күні» мерекесіне Ескелді ауданының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Темірғалиев Шариф Қурманғалиевич қатысты.  Сондай ақ Төлеңгіт ауылдық округінің әкімі Шаихов Алмас Құдайбергенұлы, ақсақалдар алқасының  төрағасы Омаров Болат Ержанұлы  ұстаздар қауымын және мектеп оқушыларын құттықтап, жаңа оқу жылына толағай табыстар тіледі. 

 Аса бір толғанар сәт алғашқы қоңырау соғу құрметі    1- сынып оқушылары  Біржанұлы Ерқанат мен Аманбекова Амина  және 11 сынып оқушысы  Сейткамал Мейір  мен Жақсылық Томириске  берілді. Оқушылар Алғашқы қоңырау үнін естіп, жақсы көңіл күйде болды. 

         Бірінші сынып пен 11 сынып оқушыларын қошеметпен қарсы алды. Былтырғы жылы  мектебімізде 35 түлек ұшып  шықса, биыл 1 сыныпқа 26 бүлдіршін мектеп табылдырығын атағаны  қуанышпен айтуға болады.   1 қыркүйек  үлкенге  де, кішіге де ортақ, дәстүрлі мерекеге айналды.  Дәл осы күннен  бастап,  алғашқы қоңырау  үнімен бірге, әр адамның өмірінде жеке тұлға  ретінде қалыптасу кезеңі басталады.

Похожие публикации: