«Ұстаздың кәсіби құзыреттілігі-табысқа қол жеткізудің бір жолы» жобасының жүзеге асуы. » «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Жетісу орта мектебі Екпінді, Жеңдік бастауыш мектептерімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің
«Жетісу орта мектебі Екпінді,Жеңдік бастауыш мектептерімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 25-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72836)25-2-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
сентябрь
2022

«Ұстаздың кәсіби құзыреттілігі-табысқа қол жеткізудің бір жолы» жобасының жүзеге асуы.

«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу орта мектебі Екпінді,Жеңдік бастауыш мектептерімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Ұстаздың кәсіби құзыреттілігі-табысқа қол жеткізудің бір жолы»           жобасының  жүзеге асуы.



Дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіруде жаңа технологияны меңгерген, өзіндік бағыты, ой-пікірі бар, алдына мақсат қоя алатын, оған жету жолдарын таба алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіндегі мамандар ісін жетілдіріп отыру мақсатында. «Ұстаздың кәсіби құзыреттілігі-табысқа қол жеткізудің бір жолы» атты  жоба жұмысы іске асуда. Өткен оқу жылына  жасалған   SWOT талдау қорытындысы бойынша өзекті мәселені тауып, шешу жолдарын қарастырдық. Зерттеу  тақырыпты анықтадық .Мұғалімдердің  өткізетін  іс-шараларының тақырыптарын анықтап, талқылып бір –бірімізге көмек бердік. Зерттейтін мәселеміздің тақырыбы: «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс» (тәжірибелік - инновациялық)деп алдық.                                                                                      

TALIS сауалнамасы алынып, Диагностикалық тест алынды,кедергілер анықталып, шешу жолын бірге қарастырып отырық. Тапсырмалар қорын  жинақтау (PRILS, TIMSS, PISA) база құруды табысталды. Әр пән бойынша мұғалімдердің қоры жиналу үстінде. «4-9 сынып оқушыларының  функционалдық сауаттылығын арттыру -жолдары» бойынша (қазақ тілі, математика) пән мұғалімдермен деңгейлік курс өткен әріптестерімен тәжірбие алмасып, бірлескен жұмысты жасап көрсете білдік. Мектепте Сабақты зерттеу (Lesson Study) зерттеу жұмысын жүргізуде биылғы жылы қолға алынып жатыр.  Бүгінгі таңда жалпы  мектеп бойынша үш топ құрылып,міндеттері бөлініп қызу жұмысқа кірісті. Атап айтсам Бастауыш сынып бірлестігі бойынша 1-4 сыныптар аралығында  жүргізілетін.

Зерттеу тақырыбы :«Белсенді оқыту тапсырмалары арқылы төрт тілдік дағдыны қалыптастыру жолдары.» Бастауыш сынып буыны бойынша 4 Ә сынып зерттеуге алынды. Зерттеу сұрағы таңдалды. Бірінші циклда сабақ жоспарланып сабақ жүргізілді. Зерттеу алғашқы циклында мұғалімдердің саралауы бойынша белсенді оқыту әдістерін енгізу нәтижесінде оқушылардың өздігінен жаңа сабақты меңгеруі әр деңгейлі оқушылардың әлеуеті бақылау парақтарына тіркелді.Келесі қадам жоспарланып сабақ жоспары дайындалды.

    

        Зерттеуші мұғалім өткізген сабақтары барысында әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануды үйренді деп ойлаймын. Бұл әдіс-тәсілдердің оқушы қызығушылығы мен білімін арттыруда маңызы зор. Зерттеулер нәтижесінде байқағаным мұғалім, оқушылармен ара-қатынасы өзгерді, сабақты бұрынғыдай өзі түсіндірмей, оқушылардың өздері түсінуі үшін жағдай жасау керектігін ұғынды. Сабақты ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдері өзгерді. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту үшін сұрақтардың маңызды екенін түсінді. Бағалаудың түрлерін тиімді пайдалана білді.

    

Мұғалім  оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өз ойларын толық жеткізуіне мүмкіндік жасауға үйреніп, өз іс-тәжірибесіне көптеген өзгерістер енгізді.Әлі де болса әдіс-тәсілдерді тиімді қолданудың жолдарын меңгеруі үшін мұғалімдерге  ізденіс қажет екені байқалды. Гуманитарлық пәндер топтары да өз жұмыстарын жандандыру үстінде. Бұл Lesson Study зерттеу сабақтары жас мамандар үшін үлкен мүмкіндік болды деп ойлаймын. Тәжірбиелі ұстаздарың кеңестер, мұғалімдермен тренингтер, оқыту семинарларын, бірлескен және шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастыру өз деңгейінде өттіп жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Қазан айында екінші деңгейлі бастауыш сынып мұғаліміУтенова Г.Р«Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу сауаттылығын дамытуда ( PRILS) қолданылатын әдіс-тәсілдері»  тақырыбында семинар-онлайн  ұйымдастырып үлкен олжаға ие болғандай болды. 

   

Қараша айында «Заманауи  мектептің  ең басты міндеті оқушы өмірінің барлық белеңдерінде білім алуға деген құлшынысын қалыптастыру» тақырыбында  үшінші деңгей мұғалімі  Қожахметова Г.М өз тәжірибесімен бөлісті. 

   

Желтоқсан ойында «Функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты өлшемдер бойынша оқу жетістіктерін бағалайды» тақырыбы бойынша үшінші деңгей мұғалімі Шойбекова А.Б коучинг өткізді. Коучинг кезінде мұғалімдермен бірлескен жұмыс нәтижелі болатынын көрсетті. Жас мамандар тарапынан жағымды кері байланыстар түсіп жатты. Жұмыстың нәтжелі,әр ұстаздың көңілінен шығып, қоржындарын толтыру біз үшін үлкен жетістік деп ойлаймын.


   

Қорыта келе адам үнемі ізеніс үстінде жүру керек. Әр ұстаз үш жағдайда өзінің білімін,кәсіби біліктілігін жетілдіріп отыратынын ұмытпаса нұр үстіне нұр болар еді. Атап айтсам: 1)Курсқа бару арқылы; 2)Өзі іздену арқылы; 3)Біреуді үйрету арқылы; осы жағдайда мұғалімнің шеберлігі шыңдала беретіні сөзсіз.