Қамқоршылық кеңестің 2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмысының есебі » «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Жетісу орта мектебі Екпінді, Жеңдік бастауыш мектептерімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің
«Жетісу орта мектебі Екпінді,Жеңдік бастауыш мектептерімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 25-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72836)25-2-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
май
2018

Қамқоршылық кеңестің 2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмысының есебі

Хаттама № 6

Қамқоршылық кеңестің отырысы
Жетісу орта мектебі


Өткізілген уақыты: 28.05.2018 жыл
Өткізілген орны: мектептің АКТ залы
Отырыстың басталуы: 15.00 сағ.
Отырыстың аяқталуы: 16.00 сағ.
Отырыстың төрағасы: Тукибаев Б.С.
Қатысқандар: Мектеп директоры – Б.Б.Жапабаев
директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Сыдыкова Г.М.
Қатыспағандар: 5
Шақырылғандар: ата-аналар комитетінің төрағасы Мустабеков А.Д., сынып жетекшілер, ата-аналар
Күн тәртібі:
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1.Қамқоршылық кеңестің 2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмысының есебі;
2.Қамқоршылық кеңес жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарына салу, таныстыру;
3.Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуына байланысты түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі. Мектеп формасының сақталуы.
4. 2018 жылы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы.

1-ші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңестің төрайымы Б.С.Түкебаев қамқоршылық кеңестің 2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмысының есебін берді.
Қамқоршылық кеңес мектептің өзін-өзі басқару органы болып табылатынын және мектептің қызметі мен дамуына жәрдемдесу үшін құрылатынын айтып өтті. Қамқоршылар кеңесі мектептегі балалардың қажетіне пайдаланылатын материалдық жағдайын қамтамасыз ету, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, мектепке жабдықтар, материалдар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер сатып алуға көмектесу үшін құрылады.
Мектепте Қамқоршылық ,қорғаншылық кеңесі құрылған,іс-шара жоспары жасалып,жұмыстар жүргізілуде,жеті адамнан құрамы бекітілген. Жоспар бойынша қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізіліп,күн тәртібіндегі жұмыстар талқыланып отырылды.
«Менің таңдауым балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Мектепке жол» акциясы барысында қамқоршылық кеңесінің көмегімен 90 оқушыға көмек көрсетілді. Акция барысында бюджеттен тыс 85 000 теңге жиналды. Ол қаражат жағдайы төмен отбасы оқушыларына мектеп формасына және оқушыға мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етілді.
Мектебіміздегі «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша білім беру үдерісіне енген жаңартылған бағдарлама туралы қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен мектеп басшысы Б.Б.Жапабаев, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Шаймардан таныстырып, оқушының құзыреттілігін арттыру үшін білім сапасын күшейтуіміз керек екендігі туралы кезекті қамқоршылық кенесінің отырысында баяндама оқып, түсіндірді. Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам бастысоның дәлелі биылғы оқу жылында 2, 5, 7-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшті. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері жаңартылған білім мазмұнына көшу туралы бағдарламаны қолдады.
2017жылы 13 желтоқсан күні мектебімізде «Рухани жаңғыру» аясында «Менің мектебім-өзіңнен баста!» қайырымдылық акциясы өткізілді. Қайырымдылық акциясына байырғы мектеп түлектері, ауыл азаматтары, жеке кәсіпкерлер демеушілік көрсетті. Акция аясында 170000 теңге қаражат жиналды. «Жасыл шырша-2018» мерекесін ұйымдастыру барысында 105000теңге жұмсалды, оның балаларға 40000теңгеге-23кг.конфет алынды, 35000 теңге балаларға арналған сыйлықтарға жұмсалды және 30000 теңгеге кейіпкерлердің костюмдері алынды. 30000 теңге мектептің материалдық-техникалық базасына жұмсалды, 25000теңге волейболдық доптар алынды. 4 сыныптағы жағдайы төмен отбасының оқушысы Абдош Ұланға 10000теңгеге киім және сыйлық алынды.
Оқушыларды жаз кезінде демалдыруда әлеуметтік қорғалған оқушылармен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек алатын және санаторлық-курорттық жазғы демалысқа жіберілетін оқушылардың құжаттары қаралып, тізімдері жоспарлануда.
03.05-24.05.18 күндері аралығында 1 оқушы Көкшетау «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығына барып келді.
25.05.-28.05.18 күндері аралығында 1 оқушы «Астана қаласына 20 жыл» тақырыбында Астана қаласына саяхатқа барып келді.
2-ші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңестің төрайымы Б.С.Түкебаев қамқоршылық кеңестің жұмысын алдағы уақытта бұқаралық құралдар ақпаратына жолдау керектігін екертті.
3-ші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Сыдыкова «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңының «Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері» атты 49 бабының 2 тармағындағы 6,7 тармақшаларында: «білім беру саласындағы уәкілетті орган белгіленген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға» және «білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті»-деп жазылған.
Ал, «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі» атты 47 бабының 15-1 тармақшасында «Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгіленген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті» және «білім алушылар білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті» - деп толықтырулар енгізілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» туралы бұйырықтың 13,21 тармақшаларында «Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды», «Ата-аналар және өзге де заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгленген мектеп формасын киюіне жауап береді» - делінген. Осы заңдар негізінде мектепте барлық оқушылар мектеп формасын қатаң сақтауы тиіс.
4-ші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Сыдыкова 2018 жылы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруы туралы айтты.
2018 жылы жазғы демалыс кезінде балалардың демалысын нығайту, қауіпсіздігімен шығармашылық дамуын қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру басты бағыттардың бірі болып саналады. Жазғы кезеңде балалармен, жасөспірімдер демалысын сауықтыруын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында мектебімізде іс-шаралар жоспары дайындалуда. Жазғы кезеңде балалармен, жасөспірімдер демалысын сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында аудандық бюджет есебінен, демеушілерден бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау мақсатында комиссия құрылды.
1. Кеңес төрағасы: Мустабеков А.Д. ата-аналар комитетінің төрағасы
2. Кеңес мүшелері:
1.Түкибаев Б.С. қамқоршылық кеңесінің төрағасы
2. Көпжасарова А.Т. кәсіподақ ұйымының төрайымы

Әлеуметтік қорғалған оқушылармен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек алатын және санаторлық-курорттық жазғы демалысқа жіберілетін оқушылардың құжаттарын жинап өткізу, тиісті сынып жетекшілерге жүктеледі.
2018 жылы жазғы демалыс кезінде 1-4 сынып оқушыларына мектеп жанындағы тамақтанатын «Балдәурен» ойын алаңқайы құрылады. «Балдәурен» ойын алаңқайының меңгерушісі болып бастауыш сынып мұғалімі Г.Р.Утенова тағайындалды. Мектеп жанындағы тамақтанатын «Балдаурен» ойын алаңқайына бастауыш сынып мұғалімдері төмендегі ретпен топ жетекшілері болып тағайындалалды: Рысқұлова Б.И., Жумагулова Т.Ж., Искакова К.К. Рыскельдинова А.А., Көпжасарова А.Т., Сатанова З.Е., Валиева А.А., Шойбекова А.Б., Утенова Г.Р.
5-8 сынып оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп алаңында 5 күндік еңбек тәжірибесінен өткізіледі.
Мектеп жанындағы «Балдәурен» ойын алаңқайы балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп психологтары А.А.Мықтыбековаға, С.Имангазиеваға, мектеп медбикесі Г.Қ.Мухаметжановаға, мектеп кітапханашысы Г.А.Карибаеваға, музыка пәнәнің мұғалімі Е.Е.Ешетаеваға, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М.С.Орынбаевқа, мәдени-спорттық шараларды ұйымдастыру тапсырылады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және балалардың ағылшынша сөйлеу қабілетін жетілдіру мақсатында мектеп жанындағы «Балдәурен» ойын алаңқайыдағы «Тілдер мектебі» құрылады. 1-4 сынып оқушыларына ағылшын тілі сабақтары жүргізіледі.
Жазғы тілдер мектебінің жетекшісі болып ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тайжанова С.Б. жауапты. Ағылшын тілі сабақтарың тіл мамандары: Тайжанова С.Б., Данғұлбекова Р.И. жүргізеді. Балаларға өзара және ағылшын тілін меңгерген педагогтармен ағылшын тілінде сөйлесу міндеттеледі.
Мектеп жанындағы тамақтанатын «Балдәурен» ойын алаңқайы балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, оқуы және қимыл – қозғалысының өсіп – дамуына ықпалын тигізетін құнарлы, сапалы ыстық тамақпен қамтамасыз ету аспазшы/мердігер Омарбекова А.А. тапсырылады.
Күнделікті оқушыларға дайындалған тамақтың сапасын, құнарын тексеру шаралары мектеп медбикесі Г.Қ.Мухаметжанова жауапты .

Қаулы қабылдады:

1. Қамқоршылық кеңесінің жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
2.Қамқоршылық кеңесінің жүргізілген жұмыстары алдағы уақытта БАҚ беттеріне жариялансын.
3.Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуына байланысты педагогикалық ұжымда, оқушылар, ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жалғастырылсын. Мектеп формасының сақталуы ата-аналар, сынып жетекшілер тарапынан қатаң бақылауға алынсын.
4. 2018 жылы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары жалғастырылып, қолға алынсын.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Б.С.Тукибаев
Қамқоршылық кеңесінің орынбасары Ә.Теңлік
Қамқоршылық кенесінің мүшесі Г.С.Тукибаева
Қамқоршылық кенесінің мүшесі А.И. Бейсекенова
Қамқоршылық кенесінің мүшесі Г.Байбекова
Қамқоршылық кенесінің мүшесі Г.Ғалымжан
Қамқоршылық кенесінің хатшысы Ж.Т.Толкынбекова