13
ноябрь
2023
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) – ақын, күйші, Бөкей Ордасындағы 1836-1838 жж. аралығында халық-азаттық көтерілісін ұйымдастырушыларының бірі. Оның жалынды жырларында көтерілісшілердің талап-тілектері мен халық мұңы бейнеленді.

Өмірбаяны
Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Батыс Қазақстан облысына қарасты қазіргі Жәнібек ауданында, Нарын құмында дүниеге келген.
Заманына сай мұсылманша сауатын ашып, орыс тілімен қатар, татар әрі араб тілдерін меңгерген. В.Ф. Шахматов өзінің «Внутреняя Орда и восстание Исатая Тайманова» деген еңбегінде мұндай тілдерді меңгеру сол замандағы Орда тұрғындары арасында сирек кездескендігін және Махамбет Өтемісұлының бұл тілдерге қай жерде оқығандығы белгісіз деп санайды. Әкесі Өтеміс аймағындағы ықпалды билердің бірі саналған. Ал атасы Құлмәлі де өз заманының ерекше тұлғасы болған. Байұлының ішіндегі Беріш руынан. Махамбет өзінің жырларында:
Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік, – деген мәліметтерді береді. Осыған қарап Өтемістен он ұрпақ тараған деп топшылауға болады. Осы он ұлының Бекмұхамбет, Қожахмет, Сүлеймен, Қасен, Есмайыл, Досмайыл, Ыбырайым атты ұлдары наразылық орын алған жылдары Махамбеттің жанынан табылып, азаттық қозғалысының белді қатысушыларына айналған.