"Жақсылық жасауға асығайық" » «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Екпінді бастауыш мектебі бар Жетісу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің
«Екпінді бастауыш мектебі бар Жетісу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 25-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72836)25-2-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
февраль
2025

"Жақсылық жасауға асығайық"


Жақсылық жасауға асығайық

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, қамқорлыққа алынған балаларға аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну тәрбиелілік пен парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі  Ескелді ауданы Жетісу орта мектебінің директоры К.С. Кенжалиева мен  «Қамқоршылық кеңес» төрағасы Б.С Түкібаевтың қолдауымен оң жалғасын тауып келеді.

Адамгершілікті пен кісілікті ту етіп,  өскелең  жас ұрпақтан   жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып жүрген жанның бірі  -  Жетісу орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-шебер  - Зайтбекова Раушан Исабаевна. Ұстаздың бүгінгі  игі ісі -  жас бүлдіршін Дәулетқазы Ибраhимді қуанту арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайтынын сөзсіз ұғындырғандай.

Қайырымдылық әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созған бүлдіршіндердің көңіліне  жылу ұялатып, болашаққа деген сенімінің нық болуына қадам жасайық. 

Бүгінгі «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған  Жетісу орта мектебі   «Қамқоршылық кеңесінің»  осындай іс-шаралары әлі де өз жалғасын таба береді деп сенеміз. 


         

Жетісу орта мектебі 

директордың тәрбие жөніндегі орынбасары

Аязбаева Б.Б. 

Похожие публикации: