09
апрель
2025
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Жасыл клуб» экологиялық волонтерлерімен гүл егу экочелленджі ұйымдастырылды.
Жетісу орта мектебінде 09 сәуір күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Жасыл клуб» экологиялық волонтерлерімен гүл егу экочелленджі ұйымдастырылды. Жоба жанашыры, мектептің «Қамқоршылық кеңес» мүшесі, педагог-шебер Зайтбекова Раушан Исабаевна мектеп ауласын көгалдандыруды қаржыландырып, білім алушылардың экологиялық мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосуда. Шәкірттерін волонтерлік іс арқылы өмірдің маңызды құндылықтарын түсінуге, ынтымақтастыққа үйретуде. Ұстаздың қайырымдылық әрекеттері көпшілікке үлгі болары сөзсіз.


