19
март
2026
Наурыз – бірліктің, мейірімнің және жаңару мен жақсылықтың мерекесі.
Наурыз – бірліктің, мейірімнің және жаңару мен жақсылықтың мерекесі.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, республикалық «Үздік педагог-2025» атағының иегері, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-шебер Р.И. Зайтбекова халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрін жалғастырып, мектеп фойесін безендіруге 30.000 теңге қаржылай көмек көрсетті.
Ұлыстың ұлы күні мектеп ішін ерекше сәнге бөлеп, көрнекіліктерді дайындап және безендіруді ұйымдастырған технология пәнінің мұғалімдері Ж.Ж.Тұрсынбаева мен А.С.Оразалинов ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, Наурыз мерекесінің шынайы рухын сезіндіріп, жақсы іске ұйытқы бола алды.
