«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021-2022 оқу жылы «Кітапхана тарихи тұлғалардың мекені» кітапханаға экскурсия мәлімет
Жетісу орта мектебінде 2021 жылдың 11 қазан күні мектеп кітапханасында кітапханашы Карибаева Г ұйымдастыруымен оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру , тарихты терең білу арқылы өз еліне , жеріне сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында «Кітапхана тарихи тұлғалардың мекені» атты кітапханада және мұражайда 5-7 сынып оқушыларымен экскурсия өткіздік.
Ұлы тұлғалардың ерекше қадір-қасиеті, тұлғалық тұғыры, ерен енбегі туралы . Ел болашағын ойлайтын, халық үшін қызмет ететін, ұлттық сана сезімі жоғары еңбегінің жемісін елге сыйлаған, үлкен жүректі жайсаң жанды абзал азаматтар қаншама десеңші.Қара қылды қақ жарған әділ де тура би, елдің қамы үшін ханның да, қараның да алдына тайсалмай дара шығып мәселе шешкен, халқына пайдасы тиген Ескелді би бабамыздың өмірінен қысқаша оқушыларға мағлұмат берілді. Ескелді би бабамыздың көрегендігі мен ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталуы керек екендігіне түсінік берілді. Жетісу аулында туылған Жетісу орта мектебін бітіріп шыққан түлектер арасынан жетісулықтар шаттанатындай, мақтан ететіндей көптеген есімдер елімізге әйгілі. Жетсулық өрендер арасынан алғаш академик атанған азамат. Солардың бірегейі- мектеп түлектері, Еділ Ерғожин .Ақын-жазушыларымыз Жұматай Жақыпбаев, Сайлаубай Тойлыбаев, Ораз Исмайлов, Ұзақбай Доспанбетов, Сабит Биболов, Дауылбай Досымбеков сынды азаматтарды мектебіміз әрқашан мақтан тұтады. Жұматай Жақыпбаев –поэзия атты құдіретті әлем кеңістігінен жарқ етіп көрінген талантты ақын. Оқушыларды жерлес ақындарымыздың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, туған жеріне, еліне, отанына, ақынға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру мақсатында кітапханаға экскурсия өтткіздік.
Кітапханашы____________ Карибаева Г.А.