21
октябрь
2022
Мектеп әкімшілігі мен мектеп инспекторы С.М.Жумадилов " Қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу" бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
21 қазан күні Жетісу орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларымен мектеп әкімшілігі мен мектеп инспекторы С.М.Жумадилов " Қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу" бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Мақсаты:құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.