Күзгі каникул мектебі бойынша әдістемелік бағыттағы атқарған іс-шаралар
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу орта мектебі Екпінді,Жеңдік бастауыш мектептерімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің күзгі каникул мектебі бойынша әдістемелік бағыттағы атқарған іс-шаралар
Күзгі каникул кезінде әдістемелік жұмыс өз дәрежесінде жұмыстарын жандандырып өткізді. Атап айтсам: «Қиындық туғызатын сұрақтар шешу жолдары» тақырыбында жаратылыстану пән мұғалімдерінің іс-тәжірбие тарату мақсатында әріптестеріміз Шойбекова Т.Б,Зайтбекова А.С өз тәжірбиесіндегі жұмыстарымен бөлістті. Жұмыс коучинг түрінде өтті. Екі мұғалім де курстан жаңа өткен, курс барысында үйренген дүниелерін ортаға салып қиындық туындаған сұраққардың жауабын бірге шешуге тырысты. Коучинг барысында мұғалімдер белсенділік танытып,қызу талқылынып,ойларымен бөлісті. Мұғалімдердің қоржындарына талай дүние салынғаны белгілі болды. Әдіс тәсілдің жаңа түрлерімен танысп, жақсы әсерде қайттық.
Келес өткен іс-шара «Сандық білім беру ресурстарын сабақ үдерісінде қолдану жолдары» 4,9,11 –сынып мұғалімдерімен іс-тәжірбие алмасу мақсатын семинары ұйымдастырылды. Бұл шарада информатика пән мұғалімі Конкабаева Т.С мен бастауыш пән мұғалімдері Валиева А.А, ,Утенова Г.Р өз тәжірбиесімен бөлісті. Күнделікті сабақтарында қолданып жүрген платформалардың тиімділігін көрсетті. https://itest.kz/kz/ent , Республикалық QAZBILIM орталығы Ұлттық бірыңғай тесттен онлайн сынақ тапсыратын арнайы база дайындалған, Бірегей білім беру видеоресурсы, виртуалды зертхана, iMektep.kz платформаларының тиімділігін көрсете білді деп ойлаймын.
Шебер сыныптар «Ал мен былай жасаймын» (пән мұғалімдерінің іс-тәжірбиесінен) бас қосу отырысын өткізді. Мектептегі зерттеуші мұғалімдер Абдикаримова А.К,Исабаева А.К өздерінің 11-сыныпты ҰБТ-ға дайындап жүрген әдіс-тәсілдермен бөлісті. Шебер сыныптың мақсаты: мұғалімдердің жаңартылған білім беру бағдарламасының идеясына көзқарастарын, рефлексивті ойлау, оқыту үдерісін жоспарлау және оның болашақ педагогикалық тәжірибе мен дағдыларды жетілдіруге ықпал ету болып табылды. Міндеттері: -топ құра отырып қатысушылардың жеке басқару мәдениетін жетілдіру және коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
-педагогтардың кәсіби біліктілік дағдыларын шыңдай түсуге себепші болу;
- педагогикалық қызметін болжау және талдау қажеттіліктері мен оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру дағдыларын дамыту.
Мектеп әдіскері Б.Мухаметжанова