Тамақтандыру шаралары, келісім шарттары » «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Жетісу орта мектебі Екпінді, Жеңдік бастауыш мектептерімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің
«Жетісу орта мектебі Екпінді,Жеңдік бастауыш мектептерімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 25-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72836)25-2-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
март
2020

Тамақтандыру шаралары, келісім шарттары

«Ескелді ауданы әкімдігінің Жетісу орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 2019-2020 оқу жылы Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылу жағдайын бақылау жұмыстары туралы

Мақсаты: Балалардың нақты тамақтану рационының преспективті мәзірі мен жүйелі сәйкестігіне бақылау жүргізу.
2019-2020 оқу жылы «Жалпыға бірдей білім беру қорынан» және мердігер есебінен жетім, жартылай жетім, мүгедек, көп балалы отбасында тәрбиеленуші және әлеуметтік тұрмыс жағдайлары төмен оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. «Жалпыға бірдей білім беру қорынан» 46 оқушы тамақтанатын, 2019 жылдың қараша айында жалпыға білім беру қорынан бастауыш сыныптан 6 оқушы қосылды. Қазіргі таңда жалпыға білім беру қорынан 52 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Мектеп асханасын жалға алушы А.А.Омарбековамен келісім шартқа отырып, мердігер есебінен 15 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Жалпы мектеп бойынша 67 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.Бастауыш сыныптар бойынша – 40 оқушы. Жоғарғы сыныптар бойынша – 27 оқушы. Бастауыш сынып оқушыларының ыстық тамақпен қамтуға қажет бір күндік шығыны - 350 теңге. Жоғарғы сынып оқушларының ыстық тамақпен қамтуға қажет бір күндік шығыны- 400 теңге.
Жетісу орта мектебінің 2019-2020 оқу жылында мектеп асханасындағы азық-түлікті сақтау ережелерін, ыстық тамақтың сапасын, ыдыс жуу бөлмесінің тазалығын тексеру мақсатында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Мектеп асханасының кезекшілік кестесі жасақталып, мектеп директоры бекіткен. Кезекшілік белгіленген уақытта кесте бойынша атқарылады. Мектеп медбикесі таңертеңгі піскен тамақтың сынамасын алып, тексеріп отырады және арнайы бракераж журналына жазады. Мектеп асханасында ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақтың берілуі, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, мектеп асханасының санитарлық жағдайы, азық-түліктің сапасы, күнделікті ас мәзірі ілінген. Оқушылардың тамақтану кестесі, асхананың жұмыс уақыты, ауыз су режимінің сақталуы, қол жуатын орындарда тазалық сақталған. Асханадағы балаларға ыстық тамақтануды ұйымдастыру жұмысы жақсы деңгейде. Азық-түлікті сақтау ережелері сақталған, ыдыс жуу бөлмелерінің тазалығы сақталған, ыстық тамақтың сапасын тексеру барысында барлығы талапқа сай
perspektivnoe-menju-1.pdf [333,21 Kb] (cкачиваний: 17)
Посмотреть онлайн файл: perspektivnoe-menju-1.pdf