"Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі!"тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.
25.01.күні Жетісу орта мектебінде "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі!"тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, имандылық, әдептілік қасиеттерді бойларына дарыту. Жиналыста педагог-ұйымдастырушы С.А.Кулбосынова оқушылардың жеке бас гигиенасы мен қатар сабаққа қатысуын үнемі басты назарда ұстау керектігі жөнінде айтып өтті.Сонымен қатар педагог - психологтар Мықтыбекова А.А. Бекен А.Т. қатысып ерте жүктіліктің алдын алу бойынша презентация көрсетті.