"Сабақтағы белсенді әдіс- тәсілдерді тиімді қолдану" тақырыбында
5 қаңтар күні "Сабақтағы белсенді әдіс- тәсілдерді тиімді қолдану" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдикаримова Асель Курмашевна жас мамандармен жұмыс жұргізді. Еңбек жолын жаңа бастаған, іс-тәжрибесі аз педагогтарды қолдау, жас мамандардың шығармашылық қабілеттерін ашу және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында бағытталған жас мамандарға сабақта қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.