«Нашақорлықтың алдын алу» мен «Зиянды әдеттердің алдын алу» тақырыбында мектеп инспекторы алдын алу жұмыстарын жүргізді.
16 наурыз күні Жетісу орта мектебінде «Нашақорлықтың алдын алу» мен «Зиянды әдеттердің алдын алу» тақырыбында мектеп инспекторы С.М.Жумадилов пен мектеп медбикесі Г.М.Мұамеджанова алдын алу жұмыстарын жүргізді. Мақсаты:Оқушының бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтай білуге үйрету, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу, нашақорлықтың алдын алу. Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартдың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар,келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру.Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүре білуге ат салысуға тәрбиелеу.Осы жаман әдеттердің зиянын білімділікпен түсініп,өз беттерінше қортындылай білуге, олардан сақтану жолдарын дұрыс таңдап, салауатты өмір құрудың маңызын түсіне білуге бағыттау.