«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021-2022 оқу жылы «Мұқағали- мәңгілік, ғұмыр» әдеби шолу мәлімет
Жетісу орта мектебінде 2022 жылдың 09 ақпан күні кітапханашы Карибаева Г ұйымдастыруымен бүгінгі таңда жастар поэзиясында өзіндік дауысын, өзіндік қолтаңбасын қалдырған Мұқағали Мақатаевтай сыршыл жандардың шығармашылығын ұштау мақсатында «Мұқағали –мәңгілік, ғұмыр» атты 04-10 сыныптар арасында әдеби шолу өткізілді.
Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен өлеңдерін таныстыру. Ақын шығармаларының көркемдік мазмұнына шолу, өлеңді жатқа оқуға оқушыларды баулу. Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегіңнің түбінен қайнап шыққан асыл жырлармен қалың жұртшылықты махаббатына бөлеген М.Мақатаев шығармашылығын тереңнен ұғындыру. Мұқағали поэзиясы таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мұңлы поэзия. Ақынның әрбір өлеңін қымбат қазынамыздай сақтап оқуымыз керек екендігін оқушылардың жүрегіне жеткізген болдық.Мұқағали Мақатаев ешқашан ұмытылмақ емес. М.Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерді оқушылар жатқа айтты.
Кітапханашы____________ Карибаева Г.А.