Ақылы үйірме жұмыстарының жүргізілуі туралы » «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Жетісу орта мектебі Екпінді, Жеңдік бастауыш мектептерімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің
«Жетісу орта мектебі Екпінді,Жеңдік бастауыш мектептерімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 25-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72836)25-2-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
март
2022

Ақылы үйірме жұмыстарының жүргізілуі туралы

Ақылы үйірме жұмыстарының жүргізілуі  туралы

      Қазіргі білім берудің басты мақсаты — шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту — мектеп мұғалімдердің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі. Оқушыларды дәстүрлі халықтық көркемөнерге тартуда үйірме жұмысы  маңызды рөл атқарады. Осы үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен дербестіктерін дамытуға жағдай жасалып, оқушылардың бейімділігі мен қабілеттерінің қалыптасуының кепілі бола алады. 

Оқушылардың өз білімін жетілдірудің негізгі формасы – үйірме.Егер үйірменің жұмысы қоғамдық пайдалы тапсырмаларды орындаумен, қоршап тұрған өмірмен, өндіріспен байланысты болса нәтижелі болады.Осыған орай биылғы 2021-2022 оқу жылында Жетісу орта мектебінде 14 ақылы үйірме жұмысы және 2 ақылы спорт секциясы  жұмыс жасайды. Үйірме жетекшілері жыл басында жылдық жоспар жасап мектеп директорымен  бекітіп, сол тақырыптық жоспар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.Соған сәйкес үйірме және спорт секцияларының жұмыс кестесі де құрылған.

1.Саз өнері-4 А,4Ә                               2.Сыни ойлау-7 А,7Ә

3.Жас математик-9 Ә                         4.Парасат/әдеп-5 А,5 Ә

5.Медиа сауаттылық-8 А,8 Ә           6.Шебер қолдар-6 Ә ұлдар,қыздар

7.Экология-6 А                                 8.Кәсіпкерлік негіздері-10 А

9.Шебер қолдар-9 А                         10.Шахмат

11.Волейбол

 Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет.                          Мақсат — оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет- оқушылардың шығармашылылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет.  Шығармашылық дегеніміз — оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәслені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін — оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш кезең арқылы жүзеге асыруға болады.                                     

   Бірінші кезең – жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға ұмтылу. Бұл кезеңде әдеби шығармашылық тапсырмалар беріліп, төмендегідей талаптар бойынша жұмыс жүргізіледі: шығарманы бөлімдерге бөліп, тақырыбын жазып келу; кейіпкер тобын ажыратып, олардың арасындағы шиеленісті түсіндіру; шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу; әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу.

Екінші кезең — қиял, ұшқыр ой қалыптастыру. Бұл кезең -оқиға құрудың, образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі, әңгіме, мақалдарды жалғастырып жазу және аяқтау тапсырыладыОқушы қиялға ерік беріп, оқиғаны дамыта отырып, шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену — шығармашылық қабілетті ашудың көзі. Бұл бағытта төмендегідей жұмыстар арқылы оқушының таным көкжиегін арттыра түсеміз.

Үшінші кезең – тапқырылық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі. Бұл кезеңде оқушы белгілі бір шығармаға өзіндік көзқарас білдіріп, пікір жазады, мәтінге әдеби-теориялық толық талдау жүргізеді, кіші ғылыми жұмыстарды қорғайды, әңгіме жазады. Осы үш кезеңнен өткен оқушы нағыз шығармашыл тұлға болып дараланады.

Ақылы үйірме сабақтарында оқушының қабілетіне қарай оқу тапсырмалары беріліп,білім алушылардың сабақта тапсырмаларды орындаудағы ерекшілігі мен алғырлығы, оқу мәнері, ізденімпаздылығын бақыланып  отырды. Сабақ барысында оқушылар сабаққа белсене қатысып, топтық  жұмысты да жасай отырып, үйірмеге деген қызығушылықтары  жоғары екендіктерін көрсетті. Үйірмеде балалар берілген дыбыстарға дыбыстық мінездеме бере отырып ,қосымша деректер алып отырды. 


Үйірме жұмыстары  оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарын арттырып, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға бағытталған.